Түркістан облысында жеңіл автокөлік тізгіндеген әйел бір күнде екі баланы қағып қашып кеткен. Бейнебақылау камерасына жазылып қалған бұл сұмдық көрініс Сайрам ауданының орталығы Ақсукентте болған. Рөлге ие бола алмаған ол әуелі жол жиегіндегі орындықта отырған қызды қағып барып тоқтайды. Оқиға орнынан қашқан ол көп ұзамай басқа көшеде тағы бір оқушыны басып кетті. Екі бала да періштесі қағып, аман қалды. Ал жүргізуші қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды.