Өңірде бұл іспен айналысатын арнайы компания жоқ. Сондықтан облыс бюджетінен 184 млн теңге бөлініп, кәсіби мұзжарғыштар тобы Өскеменнен келген. Өйткені ауа райын болжаушылардың дерегінше, наурыздың ортасына қарай күн күрт жылынуы мүмкін. Мамандар соған дейін мұз кептетілуі мүмкін аумақты дайындап үлгіруіміз керек дейді.
ӘЛІБЕК ТАШИМОВ, БҚО ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ АУМАҚТЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Орал қаласының аумағында, Шаған өзенінде және Жәнібек ауданында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы облыс бойынша Бәйтерек, Тасқала аудандары жаңағы қауіпті аймаққа кіріп тұр. Мұзды жару, сақтау жұмыстары он күн бойы жүргізіледі және қауіп сейілгенше мұз жару бригадасы осында болады.
Аймақтағы алты өзенде мұз кептетілуі мүмкін 83 учаске анықталыпты. Енді алдағы он күнде осы өзендердің мұзын жарып, бөлшектеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір су басу қаупі бар елдімекендер ерекше бақылауға алынған.
НҰРАЛЫ МУСИЕВ, БҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
Көпжылдық мониторингке сәйкес барлық елдімекендер қазіргі таңда бақылауда. Қыс әлі өз күшінде. Бір күн ішінде бір айлық нормалық мөшеерде қар жаууы мүмкін, жаңбыр жаууы мүмкін. Сондықтан да барлық елді мекендер қазіргі таңда ерекше бақылауда.