$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Сергеев су қоймасы 94 пайызға толық

Сергеев су қоймасы 94 пайызға толық

Ал Солтүстік Қазақстан облысы арқылы тасқын науқаны кезінде екі жарым миллиард текше метр су өтпек. Сала мамандары тасқынға қатысты қорытынды болжамды жариялады. Аймақта биыл жауын-шашын көлемі нормадан аз жауған. Сондықтан қардың тереңдігі шамамен 25 сантиметр ғана. Ал өңірдегі су жүйесінің күретамыры болып саналатын Сергеев су қоймасы қазір 94 пайызға толық. Былтырға қарағанда қарағанда әлдеқайда төмен.  Алайда, қыс  аязды болғандықтан, топырақ 1.5 метр тереңдікке дейін қатып қалған. Бұл жағдай көктемде кері әсер беруі мүмкін. 

ДӘУРЕН ҚОСШЫҒҰЛОВ, “ҚАЗГИДРОМЕТ” РМК СҚОФ ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Биыл судың көлемі былтырдан қарағанда 25 пайызға аз болады. Бірақ жер 153 см-ге тереңдікке дейін қатып қалған. Яғни, ауа райы күрт жылынса, топырақ суды сіңіріп үлгермей, ағып кетеді. Салдарынан еріген қар суы тасқынға айналуы мүмкін. Бізде күн наурыздың орта белінен бастап жылынады. Болжам бойынша ауа райы қолайлы болмақ.