ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі автожолдарда барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді:
Қызылорда облысы
- «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — ҚХР шекарасы» автожолының 1474-1912-шақырым аралығы (Әйтеке би ауылы — Бәйгеқұм ауылы учаскесі).
Павлодар облысы
- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.
Шығыс Қазақстан облысы
- Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.