$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда ауа сапасы нашарлайды

04.03.2026ж. 10:17
Атырауда ауа сапасы нашарлайды
Фото: ашық дереккөз

"Қазгидромет" бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

4 наурызда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары түнде Атырау қаласында күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.