$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы облысында ер адамды әйелі мен енесі пышақтап тастаған

AstanaTV
04.03.2026ж. 19:00
Алматы облысында ер адамды әйелі мен енесі пышақтап тастаған

Алматы облысының тұрғынын әйелі мен енесі өлтірді. Қайғылы оқиға  Талғар қаласында болған. Ер адамның денесіне 30-дан астам рет пышақ сұққан.  Жанжалға марқұмның полицияға аттарының ұрланғаны туралы арыздануы себеп болған көрінеді. Бұған дейін әйелінің жылқыларды ұрлап, сатуға қатысы бар екені анықталған. Шабуыл ер адам ұйықтап жатқан кезде жасалыпты.  Марқұмның артында жеті баласы қалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ЕРНАР САЙДИЛЬДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде адамдар тобы жасаған кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.