$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарлық тұрғын туған қызын зорлаған

AstanaTV
04.03.2026ж. 19:00
Павлодарлық тұрғын туған қызын зорлаған

Павлодар тұрғыны өз қызын зорлаған. 14 жастағы қызын үйіне алып кеткен әкесі оған ойына келгенін жасаған.   Ішімдікке тойып алып, зорлық жасаған. Ерлі-зайыпты 7 жыл бұрын ажырасып кеткен. Бірақ, қызына әкесімен кездесіп тұруға тыйым салынбаған.   Анасының осы рұқсатын әкесі теріс мақсатта пайдаланыпты. Туған баласына қиянат жасаған ер адам 16 жылға сотталды.

АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сот үкімімен Ш-ны кінәлі деп танылып, өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды айырумен 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны Қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу анықталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.