$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Коммуналдық қызметтерді негізсіз қымбаттатқан монополистер тексеріліп жатыр

Коммуналдық қызметтерді негізсіз қымбаттатқан монополистер тексеріліп жатыр

Коммуналдық қызметтерді негізсіз қымбаттатқан монополистер тексеріліп жатыр. Бұл туралы  Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты. Тарифке қосымша құн салығынан да жоғары ақы қосқандар анықталса, тұтынушыларға өтемақы төленеді.  Тұтынушылар құқығы туралы заң бойынша енді мұндай өтемақы тек ақшалай қайтарылуы тиіс. Депутат Мұрат Әбенов азаматтардың құқығын шектейтін бұрынғы «антиконституциялық» нормалар келмеске кетті дейді. 

МҰРАТ ӘБЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Егер төлем артық жасалса, ол міндетті түрде ақшалай қайтарылуы керек. Оны жеңілдік, бонус немесе басқа да қызмет түрлерімен алмастыруға болмайды. Біз бұл норманы заңға азаматтардың мүддесін қорғау үшін арнайы енгіздік.