Елордада жасырын жұмыс істеген заңсыз ет цехы анықталды. Санитарлық талапқа сай келмейтін өндіріс орнын полицейлер әшкереледі. Мұнда ешқандай құжатсыз, міндетті ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтпей, ет өнімдерін өңдеу, сақтау және сату жүзеге асырылған. Санитариялық талапқа сай келмейтін өнімдер базарда саудаланыпты. Заңсыз цехты ұйымдастырды деген күдікпен 64 және 55 жастағы екі адам ұсталды.