$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Көшеге қоқыс тастағандарға енді шенеуніктер де айыппұл сала алады

AstanaTV
04.03.2026ж. 19:00
Көшеге қоқыс тастағандарға енді шенеуніктер де айыппұл сала алады

Көшеге қоқыс тастағандарға енді полицейлер ғана емес, шенеуніктер де айыппұл сала алады. Бұған дейін тек тәртіп сақшыларының құзыретінде болған  өкілеттік енді «ақ жағалыларға» да ортақ. Жаңа норма 2 наурыздан бастап күшіне енді.

АЯУЛЫМ ИЗАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Мына мен отырған орындықты бүлдіру немесе аяқ астына қоқыс тастау  енді сіз бен біз үшін қымбатқа түсуі мүмкін. Нақтырақ айтсақ, 43 мың теңге. Көпшілік бұрын тәртіп сақшыларынан ғана сескенсе, енді қоғамдық орынды ластағаны үшін хаттама толтыру құзіреті әкімдік мамандарына да берілді.

Экология министрлігінің хабарлауынша, абаттандыру ережесін сақтамағандарға әкімдіктегілер бірден айыппұлды өзі сала алады. Ал қоқыс тастағандарға қатысты шара сот шешімі арқылы жүзеге аспақ. маңызды міндетің нақты қай бөлімдерге жүктелетінін әр өңірдің әкімі өзі бекітеді.

ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ:

2026 жылғы 2 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген толықтырулар күшіне енді. Енді Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыс әкімдіктері ортақ пайдалану орындарын ластау дерегі бойынша әкімшілік хаттамалар толтыруға құқылы.

Өзгеріс қала тазалығын тек полицияның иығына жүктеп қоймай, жергілікті биліктің де жауапкершілігін арттыруды көздейді. Алайда заңгерлер жаңа норманың қолданылу аясы мен жазаның ауырлығын  азаматтар да жете түсінуі тиіс дейді

АЛЬБИНА БАҚТИЯРҚЫЗЫ, ЗАҢГЕР:

Егер болмайтын жерде қоқыс тастап, ластайтын болсаңыз, әкімшілік хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылуыңыз мүмкін. Егер де бұл құқықбұзушылық бір жылдың ішінде қайталанатын болса, айыппұлдың көлемі екі есе артады.

Ал қала тұрғындарының пікірі екіге жарылды.

БЛИЦ:

- Мусорды енді, әрине, тастауға болмайды. Бірақ не өте аз, салатын жер. Бір пакетті тастаймын деп шығасың, и білмейсің қай жерге саларыңды.

- Білмеймін енді, заңды, конечно, бұзбаған дұрыс. Бұзбау керек негізі.

Десе де, заң бәріне ортақ. Ал оны елемеу немесе білмеу жауапкершіліктен құтқармайды.