$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Семейдегі 11 адам зардап шеккен өрттен кейін барлық ойын-сауық орталықтары тексеріледі

04.03.2026ж. 17:04
Семейдегі 11 адам зардап шеккен өрттен кейін барлық ойын-сауық орталықтары тексеріледі
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Семей қаласындағы «BALA park» орталығында болған өртке байланысты өңірдегі барлық балалар ойын-сауық алаңдарына тексеру жүргізілмек.

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі барлық ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері және адамдар көп жиналатын нысандардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

- Аймақ басшысы Берік Уәли жауапты мемлекеттік органдарға аталған нысандарда өрт қауіпсіздігі ережелерінің қатаң сақталуын, эвакуациялық орындардың жай-күйін, өрт сөндіру құралдарының дайындық деңгейін зерделеп, қауіпсіздік жүйелерінің жұмысына бақылауды күшейтуді жүктеді, - делінген ақпаратта.