$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкентте 4 адам қаза тапты

Шымкентте 4 адам қаза тапты

Шымкентте  көпқабатты тұрғын үйдің бір кіре берісіндегі 3 пәтердің тұрғындары газға уланып қалды. 4 адам қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, бір пәтерде 1994 жылы туған келіншек пен оның 2009 жылғы қайынсіңілісі жан тапсырған. Дәл сол қабаттағы тағы бір үйден жас жігіттің денесі табылған. Ал үшінші қабатта көз жұмған қыз, сонда пәтер жалдап тұрған көрінеді.   Полиция   қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.