$541.34 €640.73 ₽6.53
×

АҚШ адамдарды мәжбүрлеп чиптеуге тыйым салуды қарастырып жатыр

04.03.2026ж. 20:26
АҚШ адамдарды мәжбүрлеп чиптеуге тыйым салуды қарастырып жатыр
Фото: istockphoto.com

Вашингтонда қызметкерлерге «кез келген себеппен» мәжбүрлеп микрочип орнатуға тыйым салатын заң жобасы қаралып жатыр. Бұрын АҚШ компаниялары қызметкерлерін офиске кіру, есіктерді ашу немесе жеке деректерді сақтау үшін чиптеу жоспарларын жасаған еді, бірақ әлі еш жерде бұл орындалған жоқ.

Заң жобасы HB 2303 қызметкерлерді мәжбүрлеп чиптеген компанияларға кемінде 10 000 доллар айыппұл салуды, ал қосымша заң бұзғаны үшін әрқайсысына 20 000 доллардан санкция қолдануды ұсынады.

Бұл болашақта чиптеу практикасы кеңінен таралған жағдайда алдын алу мақсатында қабылданбақ шара. Заң жобасы Өкілдер палатасынан өткен және қазір Сенат күнтізбесінде қаралуда.