Таяу Шығыс елдерінде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Бүгін эвакуация аясында бірнеше арнайы әуе рейсі жоспарланған.
Комитет мәліметінше, Air Astana әуе компаниясы Жидда – Ақтау – Алматы бағыты бойынша A320 (148 орын) және Жидда – Атырау – Алматы бағыты бойынша A321 (184 орын) әуе кемелерін ұшырады.
Сонымен қатар Flydubai әуе компаниясы Дубай – Алматы бағыты бойынша екі рейс және Дубай – Астана бағыты бойынша бір рейс орындайды. Жалпы саны 506 жолаушы елге жеткізіледі деп жоспарланған.
Қазақстан азаматтарын елге қауіпсіз жеткізу шаралары уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, үйлестірілген тәртіпте жалғасып жатыр.