ҚазАвтоЖол Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
- 2026 жылғы 04 наурыз сағат 22:15-те Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай» автожолының 418-539 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қостанай қаласынан Қарабалық ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды, - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылы 05 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.