$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бүгін ауа райы қандай болады?

05.03.2026ж. 09:16
Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: pixabay

Синоптиктер 5 наурызға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, - Қазгидромет.

Республика бойынша ортақ табиғи құбылыстарға желдің екпін алуы, жаяу бұрқасынның жүруі, тұман, көктайғақтың, батыста шаңды дауылдың болуы жатқызылады.