$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім 31 наурызға дейін қабылданады

05.03.2026ж. 10:00
«Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім 31 наурызға дейін қабылданады
фото: pixaboy.com

Наурыздың 10-ы күні «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады. Бағдарламаға қатысатын азаматтар «Отбасы банкіндегі» шотына кемі 2 млн теңге салуы керек. Бұл баспана алуға арналған алғашқы жарна, яғни 10%-ы болып есептеледі.

Әлеуметтік топ үшін ипотека 7 пайызбен, өзге азаматтарға 9 пайызбен есептеледі. Астана мен Алматы қаласы үшін қарыз сомасы 36 млн теңгеге дейін. Басқа өңірлер үшін 30 млн теңгеге дейін беріледі. Қарыз 19 жылға рәсімделеді.

Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауы тиіс.