Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ІІМ Ұлттық ұланы Ән-би ансамблінің Ерлер хоры елорда аруларына мерекелік көңіл күй сыйлады. Әртістер қоғамдық орындарда танымал әндерді жанды дауыста орындап, нәзік жандыларға гүл шоқтарын тарту етті.

Музыкалық тосынсый жолаушылардың ерекше ықыласына бөленді. Хордың орындауындағы «Сұлу қыздар» және «Дарите женщинам цветы» әндерін көпшілік жылы қабылдады. Қойылым кезінде ұландықтар нәзік жандыларға гүл сыйлап, келе жатқан мерекелерімен құттықтады.
Мерекелік бағдарлама «Нұрлы жол» вокзалында да жалғасты, мұнда әртістер аяулы жандарға гүл шоқтарын табыстап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
