$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Азаматтар дауыс беру учаскесін eGov mobile және gov.kz сайты арқылы онлайн тексере алады

05.03.2026ж. 15:00
Азаматтар дауыс беру учаскесін eGov mobile және gov.kz сайты арқылы онлайн тексере алады

15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында азаматтар үшін дауыс беру учаскесін іздеуге арналған цифрлық сервис қолжетімді болды.

Дауыс беретін пунктті eGov mobile мобильді қосымшасы мен gov.kz порталында бірнеше қадамды орындап табуға болады. Ол үшін Сервистегі «Референдум» арнайы баннерінен өтіп, ЖСН және өңірді енгізу керек. Сонда дауыс беру орны көрсетіледі.