$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда жоғалған отбасы: Күдіктілер осы айда елге жеткізіледі

05.03.2026ж. 16:18
Атырауда жоғалған отбасы: Күдіктілер осы айда елге жеткізіледі
фото: policia.kz

Атырау облысында бір отбасының мүшелерін өлтірді деген күдікке ілінген ерлі-зайыпты осы айда Индонезиядан Қазақстанға қайтарылады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

9 қаңтарда марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сарсемалиевке күдікті ретінде іздеу жарияланды. Жуырда ол зайыбымен бірге Индонезияда ұсталды.