$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Таяу Шығыс бағытындағы әуе қатынасы 10 наурызға дейін тоқтатылды

05.03.2026ж. 17:18
Таяу Шығыс бағытындағы әуе қатынасы 10 наурызға дейін тоқтатылды
фото: pixabay

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты. 

-Air Astana компаниялар тобы Дубай, Жидда, Медина және Дохаға тұрақты рейстерді 10 наурызды қоса алғанға дейін тоқтатады. Ал аталған қалаларға билеттерді сату 17 наурызға дейін уақытша тоқтатылды. Тегін қайта брондау 30 сәуірді қоса алғанға дейін, ал билеттерді қайтару 11 наурызды қоса алғанға дейін қолжетімді, - делінген хабарламада.

Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалауды жалғастырады.