$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақнәр Гүлстанның өлімін ІІМ қайта тергейді

Ақнәр Гүлстанның өлімін ІІМ қайта тергейді

Ақнәр Гүлстанның өлімі қайта тергеледі. 2 жыл бұрын Алматыда болған қайғылы қаза о баста Ішкі Істер Министрлігінің қарауында болмапты. Бастапқыда істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеген. Ішкі істер вице-министр Санжар Әділов жәбірленуші тараптың бүкіл уәждерін қайта тыңдаймыз, - деп мәлімдеді. Естеріңізге сала кетсек, Ақнәр Гүлстан 2024-і жылы  7-ші қабаттан құлап, көз жұмды. Бірақ, жақындары ол кісі қолынан қаза тапқанына   сенімді,  әрі біраз айғақ болатын материалдар ұсынған.

САНЖАР ӘДІЛОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл шешімді біз қабылдаған жоқпыз. Ол – Бас прокуратураның шешімі. Қазір қылмыстық іс қайтадан біздің өндірісімізде. Жаңадан тергеу тобы құрылып, осы іс бойынша белсенді тергеу әрекеттерін бастадық.