Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елімізде алғаш рет тіс жегісін бұрғылаусыз, отасыз емдеуге мүмкіндік туды

AstanaTV
16.01.2018ж. 20:00
4433
Елімізде алғаш рет тіс жегісін бұрғылаусыз, отасыз емдеуге мүмкіндік туды

Елімізде алғаш рет тіс жегісін бұрғылаусыз, отасыз емдеуге мүмкіндік туды. Бұндай препаратты дүние жүзі бойынша алғаш ойлып тапқан қазақстандық ғалым Бауыржан Айтуов есімді азамат. Бұл препаратты 5 жыл бойы сынап, 40 млн теңге жұмсаған. Қазір айына дәрінің 3 мың данасы шығарылып отыр. Бұл препарат шетелдерде де қолданылып жүр. Толығырақ Диана Сапарқызы тарқатады.

Тіс эмалін қалыпқа келтіретін препарат осы шағын ғылыми зертханада жасалды. Иоркск университетінің түлегі, ғалым Бауржан Айтуов ақуыздың басқа сырқаттарға ем ретінде пайдаланып жүргенін көріп, оны стоматологияда сынап көреді. Қажетті ақуыз Қазақстанда болмағандықтан, Швейцариядан алдырған. Осылайша тіс жиегісінің алғашқы сатысында бұрғылаусыз емдеудің алғашқы тәсілін ойлап тапқан.

Бауыржан Айтуов, ғалым-генетик:

Ол бір ақуыз. Ол химикат емес. Оны саласыз, ол адамның сілекейінен минералдарды тартып, эмальді жаңадан түзейді. Салқынға қышқылға деген тісіміз ауырады ғой. Сондай жағдайларда өте көп қолдануға болады.

Медицина нарығына бұл препараттың енгеніне 2 жылдың жүзі болды. Қазақстандық ғалымның ойлап тапқанын алғаш рет Украина мойындаған. Ал біздің клиникадағылар алғашқыда мұндай ғажайыпқа сене қоймапты. Қазір мемлекеттік қолдауға ие болды. Президенттің мұндай инновациялық жобаларды қолдау керек екенін жолдауында да айтқан еді. 

Бауржан Айтуов, ғалым-генетик:

Ғылыми жоба болғандықтан, Білім және ғылым министрілігі әр жылы грант береді. Көп ақша береді. "Даму" береді. Біз тек ғылыми мақалалар жазып қоймай, тоқтамай, біз жаңа нәрсе шығарамыз деп, осындай мақсат қойғандықтан, қазір оны шығарып отырмыз.

Бүгінгі күні бұл антибиотикті Ресей мен Қазақстанның екі жүзге жуық тіс емханалары қолданып жүр. Солардың бірі - астаналық тіс дәрігері Есентай Бошанов. Дәрігердің айтуынша, бұл препарат ересек адамадардан гөрі балаларға өте тиімді. Себебі ешқандай бұрғылаусыз, отасыз 15 минуттың ішінде ғана жеңіл процесс өтеді екен. Яғни тіс жегісі басталып жатқан жерге тамызғанда, сілекейден минералды тартып алады. Зақымданған эмальды бір аптаның ішінде қалыпына келтіреді деп отыр.

Есентай  Бошанов, стоматолог:

Бұл дәріні емханамызда қолданып жүргенімзге жарты жылдың жүзі болды. Біздің бұл препаратты таңдағанымыз, қазір адамдар жаңашылдықты, нәтиже беретін әдістерді іздейді. Бұл стоматология саласына келген жағымды жаңалық. Тістегі қанқұрттың алғашқы сатысында алдын ала жәрдем беретін препарат. Балаларға қолданған жақсы, әйтпесе олар ем кезінде көбіне құралдардан қорқа бастайды. Ал мына препаратты тіс жегі басталып жатқан жерге тек тамыза саламыз.

Диана Сапарқызы, тілші:

Ал бүгін бұл препататты тек елде ғана емес, Ресей де және Украинада қолданылып отыр. Сонымен бірге, Германия, Ұлыбритания, АҚШ елдерімен де келісім жасалып жатқан көрінеді. Қазіргі таңда қазақстандық ғалым тіс жегін үйде отырып-ақ емдеуге болатын препарат шығарумен айналысып жатыр.