$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Олжас Бектенов төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Олжас Бектенов төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Кез келген сценарийге дайын болуымыз керек. Премьер-министр Олжас Бектенов республикалық жедел штаб отырысында осылай деді. Ол әкімдерге бір апта ішінде елді мекендердің маңында су тасқынына қарсы дайындықты пысықтауды тапсырды. Ақмола облысында биыл су тасқынына қарсы іс-шаралармен барлығы 163 елді мекен және 32 жол учаскесі қамтылған. Жалпы ұзындығы 56 шақырым болатын Қалқұтан, Нұра, Есіл, Чаглинка және Жабай өзендерінің арналарын тазарту және түбін тереңдету жұмыстары аяқталып, 17 гидротехникалық құрылыс қалпына келтірілген. Мамандардың болжамынша,  наурыз және сәуір айында күн күрт жылынады. Жауын-шашын да нормадан  көп болуы мүмкін. Сондықтан Шығыс Қазақстан, Абай, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан, Алматы, Ұлытау мен Жетісу облыстарында тасқын қаупі барын мәлімдеді.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Бүгінде кейбір өңірлерде су тасқынына дайындық шаралары толық қамтамасыз етілмеген. Елді мекендерде қорғаныс бөгеттерін нығайту, өзендердің түбін тереңдету және жағалауларды бекіту жұмыстары аяқсыз қалды. Қарағанды облысы мен Абай облысы аумақтарындағы ойпатты жерлерде де тасқын қаупі сақталып отыр.