$541.34 €640.73 ₽6.53
×

12 наурыздан бастап жүргізушілерге талап күшейеді

AstanaTV
05.03.2026ж. 19:00
12 наурыздан бастап жүргізушілерге талап күшейеді

12 наурыздан бастап жүргізушілер үшін талап күшейеді. Елімізде «Цифрлық кодекс» аясында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енбек. Енді жол ережесін бұзудың кейбір түрлері, атап айтқанда, рөлде отырып телефон пайдалану немесе қауіпсіздік белдігін тақпау жағдайлары автоматты түрде, яғни бейнекамералар арқылы тіркеледі.

Бұған дейін мұндай бұзушылықтарды тек полиция қызметкері анықтайтын. Енді бұл процесс жасанды интеллект көмегімен бақыланады. «Ақылды» жүйе қауіпсіздік белдігінің тағылмағанын немесе жүргізушінің қолында телефон барын қатесіз таниды. 

АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘПК-НІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Аталған өзгерістер технологиялардың дамуы мен процестердің цифрландырылуына байланысты енгізілді. Негізгі мақсат - заманауи техникалық шешімдерді қолдану арқылы жол қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін күшейту.

Сондай-ақ, заңнамада ескерту қарастырылған жеңіл бұзушылықтар бойынша жүйе автоматты түрде хабарлама шығарады. Бұл бұрын қолмен рәсімделетін кептеліс тудыру немесе жарық құралдарын дұрыс пайдаланбау сияқты жағдайларға қатысты. Бұл өзгеріске қоғам пікірі екіге жарылды. Жүргізушілердің бірі мұны қауіпсіздік үшін маңызды десе, енді бірі техниканың қателігінен сескенеді.

БЛИЦ:

- Енді оның бәрі жүргізушілердің сақтығы үшін ғой. +Қазір көп  жол оқиғалары жүріп келе жатып сотқа шұқылағаннан болып жатыр

- Шынында адамдар ұмытып кетіп жатады ремень тағуды. Бәріне бірдей штрафты қазір халықтың әлеуметтік  жағдайына қарап салу керек қой.

- Видео фиксация деген камердан кейде тура көрсетпейді ғой. Сол үшін обязательно бір проблемалар болады.

АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ТІЛШІ:

12 наурыздан бастап жолдағы бақылаудың 3 тәсілі қолданылады: бейнекамералар, автоматты жүйелер және бірыңғай мемлекеттік деректер базасы. Айта кетейік, қауіпсіздік белдігін тақпағаны мен рөлде ұялы телефон қолданғандар үшін 21 625 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.