$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астаналық оқушылар буллингпен күресудің цифрлық жолын ұсынды

AstanaTV
05.03.2026ж. 19:00
Астаналық оқушылар буллингпен күресудің цифрлық жолын ұсынды

Қазақстанда әрбір бесінші оқушы буллингке ұшырайды. ЮНЕСКО-ның соңғы деректері тіпті алаңдатарлық: еліміздегі балалардың 60 пайыздан астамы мектеп қабырғасындағы зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің куәсі болған. Ал әрбір оныншы баланың төртіншісі әлімжеттікке тап болады. Астанада өткен «Заң мен тәртіп – Адал азаматтың жолы» байқауында оқушылар буллинг пен құқық бұзушылықтың алдын алатын цифрлық шешімдерін ұсынды. 

Былтыр қараша айынан басталған ауқымды сайыс бүгін   мәреге жетті. Төрт іріктеу кезеңінен оқ бойы озық шыққан қаланың алты үздік мектебі бүгін ең өзекті деп таныған әлеуметтік жобаларын ұсынды. Биылғы қатысушылардың басты ерекшелігі олар құқық қорғау саласын заманауи технологиямен, соның ішінде жасанды интеллектпен ұштастырған.

ӘМІРӘЛІ ӘЛКЕНЕОВ, ОҚУШЫ:

Осы ғылыми жобамыз телеграм боттың жасанды интеллект бағдарламасы бойынша  жұмыс істейді.Біздің ботымызда Питон бағдарламасы арқылы жазылған кодымыз бар. Код бойынша анықтамалық көмек береі балаларға.

Бұл кезеңге дейін оқушылар дебат алаңдарында сөз таластырып, құқықтық сауаттылығын дәлелдеген. Жобаның басты шарты  ұсынылған идеялар тек қағаз бетінде қалмай, мектеп өмірінде практикалық тұрғыда қолданысқа енуі тиіс.

БЕКДАЙЫР КҮЗЕМБАЙ, "ӘКЕЛЕР ОДАҒЫ" РҚБ АСТАНА ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Балалардың өзін құқықтық санасын қалыптастыру бойынша бір біріне деген құрметі бойынша, қазір енді білесіздер цифрлық заманда жасанды интеллект заманында балаларымыздың көқптеген жаман дүниеге ілігіп қалмас үшін өзінің құқығын бігені дұрыс деген сияқты прокуратураның ұйымдастыруымен Астана қаласы білім басқармасының қолдауымен осы бір керемет жақсы шара өтіп жатыр.

Байқау қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған жобалар Астана мектептеріне пилоттық режимде енгізілмек.