Алматыда «Жасанды интеллект жылы» аясында «Jas Stars» жастар концерті өтті. Оған 5 мыңнан астам адам жиналды. Ауқымды іс-шара қала жастары мен тұрғындарын біріктірген ірі мәдени алаңға айналды.
Бағдарлама барысында азаматтық белсенділік пен қоғамдық бастамалардың маңызы айтылды. Сонымен қатар алдағы республикалық референдумға қатысудың мәні түсіндірілді. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
ДИДАРБЕК ДІЛДАБЕК, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгін Балуан- щолақта жастарымыз өте көп жиналды және де бұл жастардың барлығы бүгінгі концерттен кейін, арнайы спикерлердің сөздерін ести отырып, осындай патриоттық шараларға қатыса отырып өзінің азаматтық позициясы оянады деп мен өз басым сенемін.
Кештің мерекелік атмосферасын танымал жұлдыздардың өнер көрсетуі толықтырды. Сахнада заманауи музыкалық бағдарламалар ұсынылып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Шоудың басты ерекшеліктерінің бірі роботтардың қатысуы болды. Олар би билеп, музыкалық нөмірлерге қосылып, көрерменмен байланыс орнатып та үлгерді.
АРИНАЗ ҚҰРМАНБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бүгінгі іс-шарада әртүрлі танымал әншілер, жұлдыздар бар. Жастардың осылай басын біріктіріп, жаңа конституцияның мәнін түсіндіргеніне өте қуаныштымын. Осы іс-шараға келгеніме тағы да бір рет қуаныштымын.
ТЕМІРЛАН ҚАЗЫБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Алдағы 15 наурыз референдумынан хабардармыз. Келеміз, даусымызды береміз. Соған байланысты ұйымдастырылған концерттер барлығына қатысып жатырмыз. Өте керемет.
Концерт соңында ұйымдастырушылар жастарды белсенді болып, ел болашағына әсер ететін саналы таңдау жасауға тағы бір мәрте шақырды. Сондай-ақ мұндай ерекше форматтағы жобалар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.