Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Төртінші өнеркәсіптік жаңғыру жағдайында еліміздегі бірқатар өндіріс орындары даму жоспарларын құруда

AstanaTV
16.01.2018ж. 20:00
3151
Төртінші өнеркәсіптік жаңғыру жағдайында еліміздегі бірқатар өндіріс орындары даму жоспарларын құруда

Төртінші өнеркәсіптік жаңғыру жағдайында еліміздегі бірқатар өндіріс орындары өз жоспарларын кезең-кезеңімен жүзеге асыру үшін жоспарларын құрып жатыр. Тіпті, осы бағытта жұмыстарын бастап кеткен ұжымдар да бар. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы ұйымдастырған жиында айтылды.

Филиал төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Тәбеевтің айтуынша, биылғы Елбасы жолдауында көрсетілген жолдар ел дамуына даңғыл салатын, алға бастайтын үлкен белестің бірі. Сол мақсатта, партия мүшелері халыққа түсіндіру жұмыстарын ғана емес, жүзеге асыру жолдарын да кеңінен насихаттауды бастады. Бүгінгі шарада еуропалық стандартқа сай құрылған зауыт жұмысы сөз болды. Алматы демократиялық күштері коалициясының төрағасы Ахметжан Шардинов аталған кәсіпорында құрылыс жабдықтары, соның ішінде, бөрене мен арқалықтың инновациялық технологиялар көмегімен сапалы өндірілетіндігін мәлімдеді. Осылайша, жаңа құрылғылар арқылы бюджет қорын 30 пайызға үнемдеуге болады екен.

Қайым-Мұнар Тәбеев, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму деген ең үлкен алға бастайтын белестің бірі. Осы белеске шығу үшін жолдауда көрсетілгендей әлеуеттік, экономикалық күшімізді біріктіру. Сол арқылы еліміздің жағдайын жақсартудың нақты жолдарын жүзеге асыру.  Яғни жолдауда көрсетілген күштердің барлығы бүгінгі күні осы берілген тапсырмалардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылуына өзінің жоспарларын құрып жатыр.