Елдегі әйелдер саны 10 миллионнан асады. Нәзік жандылардың дені Алматы қаласында тұрады. Түркістан облысы мен Астана қаласында да көп. Олардың орташа жасы – 34, өмір сүру ұзақтығы – 79. Арулардың 48 проценті жұмыспен қамтылған. Ал 45 пайызы өз бетінше тірлік істейді. Қыз-келіншектердің көбі білім саласында қызмет етеді. Саудамен айналысатыны да басым. Денсаулық сақтау саласында тер төгіп жүргені де аз емес. Ал жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі – 50%.