Алматыда ғалым әйелдер марапатталды. Ғылым саласында еңбек еткен нәзік жандарға академик Нәйлә Базанова атындағы награда табыс етілді. Нәйлә Базанованың портреті бейнеленген алтын жалатылған күміс төсбелгі алпыстан астам ғалым-әйелдің кеудесіне тағылды. Іс-шараға отандық ғылымды дамытуға айрықша үлес қосқан жетекші әйел-ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, оқытушылар мен жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың басшылары қатысты.
ҚУАНТАР ӘЛИХАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПӘНАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Аталған марапат отандық ғылымда алғаш рет берілуде. Екінші рет биылғы жылы 66 үздік арулар алып отыр. Былтырғы жылы 48 үздік әйел қауымдары марапатталған. Бұл дегеніміз отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан нағыз ғалым әйел қауымына арналады.
Ғалымдар бұл марапатты иелену үшін 2 кезеңнен тұратын іріктеуден өткен. Алдымен жоғарғы оқу орындары мен ғылыми зерттеу институтының басшылары үміткерлерді ұсынған. Кейін академия комиссиясы ең үздік деп танылған бағыттар бойынша ғалымдарды таңдап алыпты.
ИНДИРА БЕЙІШОВА, ЖӘҢГІРХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Қазіргі таңда статистикаға байланысты 56 пайыз осы ғылым жолында әйелдердің үлесі статистиканың дәлелі. Бұл дегеніміз осы әйелдердің ғылымға қосып жатқан үлесінің көрсеткіші деп ойлаймын.