Теміртаулық 48 жастағы әйел 13-ші перзентін дүниеге әкелді. Эмин есімді ұл бала облыстық клиникалық аурухананың перинатальдық орталығында туды. Сәбидің салмағы -3650 грамм, бойы -54 см. Денсаулығы жақсы. Ол Лариса Кузнецованың 9- ыншы ұлы. Отбасының 4 қыз баласы бар, үлкені -25 жаста.
ЛАРИСА КУЗНЕЦОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
Жолдасым үйінде жалғыз бала, бірақ уақыт өте келе ол да үйреніп кетті. Соңғы сәбиімізге бәріміз ерекше қуанып отырмыз. Өзім көп балалы отбасында тәрбиеленгендіктен бұл мен үшін қалыпты жағдай. Дәрігерлерге үлкен алғысымды білдіремін, олар баламыздың аман-есен дүниеге келуіне көмектесті.