$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда 11-ші баласын дүниеге әкелген анаға құрмет көрсетілді

06.03.2026ж. 19:00
Павлодарда 11-ші баласын дүниеге әкелген анаға құрмет көрсетілді

Ал Павлодарда 11-ші баласын дүниеге әкелген анаға құрмет көрсетілді. Ол күні кеше ғана шекесі торсықтай ұл босанды. Кәсіпкерлер көпбалалы аналарды мерекемен құттықтап, сый сыяпат жасады.

Жұлдыз Алиясова – 38 жаста. Алтын алқа иегері. 5 ұл, 5 қызы бар. Күні кеше бұл отбасының он бірінші баласы дүние есігін ашты.

ЖҰЛДЫЗ АЛИЯСОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

4 күні сағат 1 жарымда түнде босандым. Ұл, 3,400 грамм. Есімін «Жан» қойдық. Келе жатқан 8-наурыз мерекесі әйелдер күні ғой енді. Әр әйелге ана сезімін, тілеймін ана бақытын.

Жангүлім Нұрлан – жас ана. 3 баласы бар. Күні кеше өмірге Әміре мен Зере есімді егіздерді дүниеге әкелді. Ананың қуанышында шек жоқ. Жас ана көпбалалы ана атанды.

 ЖАНГҮЛІМ НҰРЛАН, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында осындай керемет семьямызда қуаныш болып жатыр. Өте қуанышытымыз. Барлық әйелдерге денсаулық тілеймін. Мықты болыңыздар! Осындай қуаныш әр отбасында бола берсін деп тілеймін.

Көп балалы аналарды перзентхана дәрігерлері мен кәсіпкерлер меркемен арнайы құттықтады. Кәсіпкерлер аналарға түрлі сый сыяпат жасады.

НҰРЖАС БАЗАРБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Дәл қазіргі уақытта орталықта он бірінші баласын босанған анамыз бар. Және жетінші, алтыншы, бесінші баласын босанған аналар бар. Сол аналарды мерекелерімен құттықтадық. Балаларының жағдайы бір қалыпты. Тамақтануы барлығы жақсы.

Мереке қарсаңында көп балалы аналарды құрметтеп жатқан ақ халатты абзал жандарға аналар алғыстарын айтты. Облыстық перинаталды орталықта жыл басынан бері 800-ден аса бала өмірге келген. Оның сегізі егіздер.