Атырауда қырдың сәні қызғалдақ өседі. Кәсіпкер көктем мен жаңарудың, махаббат пен еркіндіктің символын 3 мың шаршы метр жылыжайда екен.
Былтыр жыл аяғында Голландиядан 200 мың түп қызғалдақ тұқымын алдыртқан. Қызғалдақ өсу үшін арнайы орындағы ауа температурасы қатаң сақтау қажет. Қдайы күтім жасалса, қызғалдақ түйнегі 3 айдан соң ғана көріне бастайды,- дейді 30 жыл гүл бизнесінде жүрген Бақыт Ысқақова. Кәсіпкердің жанына ұлы мен келіні жүр. 12 түрлі қызғалдақ сорты гидропонды жәшікке егілген. Түрлі-түсті қызғалдақ көздің жауын алып, иісі мұрын жарып, жайқалып өсіп тұр. Кәсіпкердің айтуынша, өзге облыс пен шет мемлекеттерден тасымалдау қиындаған, сондықтан жергілікті халықты өз гүлімен қуантпақ. Биыл қызғалдақтың түрін көбейтіп қана қоймай, пиона гүлін өсіруді қолға аламыз,- дейді.
ӘЙГЕРІМ ДӘУЛЕТИЯРОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
Біз гидропонды жәшікке отырғызамыз, жерге отырғызбаймыз. Жәшікке отырғызып болғаннан кейін оны тоңазытқышқа жібереміз. Тоңазытқышта тамырларын беру керек. Үш аптадай. Үш аптадан кейін жылыжайға шығарамыз. 2 аптаның ішінде 7 градустан 14 градусқа дейін жайлап-жайлап көтереміз. Вентеляция жақсы болуы керек. Жылы болу керек. Сквозняк болмау қажет.
БАҚЫТ ЫСҚАҚОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
Көпшілік бұл істі жеңіл көріп, «қызғалдақ егіп көрсем қайтеді» деп бастап жатады. Оның оңайы да, қиыны да бар. Алайда өнімді сатуға келгенде көпшілігі тығырыққа тіреледі. Бір партиясын сатады, енді бір бөлігі өтпей қалады. Соның салдарынан келесі жылы бұл іске деген қызығушылықтары бәсеңдеп кетеді. Ал бізде ондай мәселе болмайды. Себебі өнімді өз дүкендерімізде өткізетінімізді нақты білеміз. Келер жылы еліміздің батысындағы басқа өңірлерге көтерме бағада сатуды жоспарлап отырмыз.