$541.34 €640.73 ₽6.53
×

8- наурыз: мерекелік ерекше құттықтаулар

AstanaTV
06.03.2026ж. 19:00
8- наурыз: мерекелік ерекше құттықтаулар

8 наурыз жақындағанда әлеуметтік желі нағыз мереке орталығына айналды. Миллиондаған қаралым жинап, елдің ықыласына бөленген видеолардың соңы жоқ.  Кішкентай бүлдіршіндердің әні, мектептегі қыздарға берілген ерекше сыйлықтар мен жалғыз өзі 20 аруды құттықтаған серілер жұртты тәнті етті. Тіпті жол сақшылары да көліктегі нәзік жандыларды гүлмен қуантып жатыр.

Иә, желіні жарып, миллион қаралымға ие боп, жұрттың жағымды пікірлеріне қарық болған бейне жазба көп. Солардың бірі- балабақшадағы кішкентай тәрбиеленушілер.

Отандық "Белуччи" атты топтың әнін орындап, пародия жасаған бүлдіршіндер, аналарын қуанту үшін қатты дайындалғаны көрініп тұр. Желіде жүктелген видео 500 мыңға жуық қаралым жинап, жұрттың көңілінен шыққан.

ПІКІРЛЕР:

- Биылғы ертеңгіліктер күшті өтіп жатыр ғой

- babylluchi

- Стиль таза бала бақша

Балабақшадағы мерекелік көңіл күй осылай сезілсе, мектептегі құттықтаулар да ерекшелігімен көзге түсті. Бұл бейне желіде 1 миллион 1 жүз мың қаралым жинады.

Өздеріңіз көргендей, оқушы жігіттер сыныптас қыздарына қос нан сыйлаған. Дұрыс, нан бар жерде ән бар, ән бар жерде мерекелік көңіл күй  сезіледі. Елдің бірі мұны сынаса, енді бірі қолдап жатыр.

ПІКІРЛЕР:

- Нәскиден көрі осы жақсы ғой

- Әзіл шығар артынан дұрыс нәрсе берді деп ойлаймын

- Гүл тқұрып солып қалады, ал нанды жейсің, тоқ жүресің.

Сондай-ақ желіні тәнті еткен жігіттерді де байқадық. Солардың бірі Дәрмен есімді азамат. Өзімен бірге оқитын, барлық аруды жалғыз өзі құттықтап, 20 дан аса қызға бірдей сыйлық сыйлаған. Нәзік жандыларға тарту етілген қораптарда  тәттілер мен қыздарға қажетті сәндік заттар бар.  

Құқық қорғау қызметкерлері де жолда жүрген нәзік жанды көлік иелеріне гүл беріп, мерекелік көңіл күй сыйлауда.

ҮСЕН АСТАНА, ТІЛШІ:

Мерейлі сәт мерекеге ұласып,

Сегізінші наурыз келді қыр асып.

Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-

Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды.

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,

Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

Барша нәзік жандыларды Астана телеарнасының атынан шын жүректен 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз.