Үкімет пен Ұлттық банк инфляцияны төмендету үшін кезең-кезеңмен іске асатын жоспар әзірлеп жатыр. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 2026 жылға арналған болжам 9,5-11,5 пайыз аралығында сақталады. Бұл көрсеткішке коммуналдық тарифтер мен жанармай бағасын реттеу, сондай-ақ бюджеттік шығындарды оңтайландыру арқылы қол жеткізу көзделген. Сонымен қатар, инфляцияға қосымша құн салығының әсері бұрынғы болжамдардан төмен болады деп күтілуде. Басты міндет — бюджеттің Ұлттық қор трансферттеріне тәуелділігін азайту және теңге бағамын тұрақты ұстап тұру.
ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨРАҒАСЫ:
Болжам диапазонының тарылуы бағаның өсу қарқынын биылдың өзінде бір таңбалы деңгейге түсіру міндетімен де байланысты. Осы мақсатта Үкімет пен Ұлттық банк инфляцияны төмендету үшін кезең-кезеңімен іске асатын жоспар әзірлеп жатыр. Ол коммуналдық тарифтер мен жанар-жағармайдың инфляцияға қосатын үлесін азайтуды, бюджеттік консолидацияны және квазифискалдық саясаттың нақты параметрлерін бекітуді көздейді. Жалпы алғанда инфляцияны бір таңбалы деңгейге түсіруді біз шынайы мақсат деп бағалаймыз. Бұған тек бағдарламалық құжаттардың орындалуы ғана емес, жыл басынан бері жиынтық сұраныс динамикасының теңгерімді бола бастауы да негіз болып отыр.