$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбе облысында 14 зейнеткер балаларынан алимент алып отыр

AstanaTV
06.03.2026ж. 19:00
Ақтөбе облысында 14 зейнеткер балаларынан алимент алып отыр

Ақтөбе облысында 14 зейнеткер балаларынан алимент алып отыр. Мамандардың дерегінше, алимент негізінен ұлдардан өндірілген. Ал қыздар қартайған ата-анасына өз еркімен қамқорлық көрсетеді. Сот орындаушыларының айтуынша, бұл істе әзір қиындық жоқ. Сот белгілеген сома ай сайын балаларының жалақысынан ұсталып, ата-аналарына аударылып отыр. Жалпы өңірде 14 мың атқару парағы тіркелген. Оның 11 мыңы бойынша алимент төлемдері борышкердің айлық жалақысынан ұсталады.  Ал 3 мың атқару өндірісі жұмыссыз азаматтарға қатысты.

ҚАЙРАТ ТАҢҚАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ӨҢІРЛІК ПАЛАТАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

14 000 атқару құжатының ішінде тек қана біздерде 14 атқару өндірісі -ата-анасының пайдасына алимент өндіру. Бір атқару өндірісі аудан бойынша, қалғандары осы Ақтөбе қаласында тіркелген. Барлығы бойынша, бізде қазіргі уақытта айлық жалақысынан жүйелі түрде ұсталып ұсталуда, ешқандай қарыз, берешегі жоқ.