Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы отандастарымызды елге қайтару жұмыстарын жалғастыруда. Эвакуация басталғалы бері 12 әуе рейсімен 3300-ден астам қазақстандық Отанына оралды. Қауіпті аймақтардан азаматтарды шығару әуе жолымен қатар жерүсті бағыттарымен де жүзеге асырылып жатыр. Дипломаттар Ирандағы «Заркух» компаниясында жұмыс істейтін 7 азаматымызды бүгін иран-армян шекарасына жеткізбек. Бұған дейін аталған кәсіпорынның 34 қызметкері қауіпсіз аймаққа шығарылған. Жалпы, Иран аумағынан осы уақытқа дейін 52 отандасымыз елге жеткізілді.
ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері эвакуация толық аяқталғанға дейін жергілікті жерде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, шиеленіс аймағындағы отандастарымызбен тұрақты байланыста болады.