$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Қар жауып, боран соғады": 8 наурызда ауа райы құбылмалы болады

AstanaTV
06.03.2026ж. 19:00
"Қар жауып, боран соғады": 8 наурызда ауа райы құбылмалы болады

Мереке күндері еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауып, күн райы тұрақсыз болады. Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде боран соғып, тұман түседі және көктайғақ күтіледі. Солтүстік және орталық аймақтарда қар жауып, боран соғады. Ауа температурасы түнде -10 градусқа дейін төмендесе, күндіз 0 градус төңірегінде болады. Ал батыс пен шығыста салқын ауа райы сақталып, жауын-шашын күтіледі. Оңтүстікте күн біршама жылы. Күндіз ауа температурасы +5-тен +16 градусқа дейін көтеріліп, жаңбыр жаууы мүмкін.