$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Тоқаев көрші елдерге шабуылдан бас тартқан Иран Президентінің мәлімдемесін құптайды

07.03.2026ж. 15:05
Тоқаев көрші елдерге шабуылдан бас тартқан Иран Президентінің мәлімдемесін құптайды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран Президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды.