Қостанай облысында, Денисов ауданы Перелески ауылынан 3 шақырым жерде құтқарушылар жоғары өтімді техникамен қар құрсауында қалған жеңіл автокөлікті тазартылған жол бөлігіне шығарып алды. Көлік ішінде екі адам болған. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ ескертеді: елдімекендерден шығар алдында ауа райы жағдайын және автожолдардың жай-күйін ескеру маңызды. Ауа райы нашарлаған жағдайда мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тартып, қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.