$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астана–Қарағанды тас жолында автобус жолдан шығып кетті

08.03.2026ж. 23:38
Астана–Қарағанды тас жолында автобус жолдан шығып кетті
Фото: pavlodarnews.kz Төт

2026 жылғы 8 наурыз сағат 15:30 шамасында республикалық маңызы бар KAZ01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 50-шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға Ақмола облысы Аршалы ауданы аумағындағы Анар станциясы маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Астана бағытына қарай қозғалып келе жатқан автобус жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан көлік жол жиегіндегі кюветке шығып кеткен. Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

Оқиға туралы ақпаратты ЖПБ-47 жол учаскесінің шебері жеткізген. Хабарлама түскен бойда оқиға орнына ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының жол қызметтері арнайы техникамен жедел жетті.

Жолшылардың үйлесімді әрі жедел әрекетінің нәтижесінде арнайы техниканың көмегімен автобус кюветтен шығарылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта жол қызметтері республикалық маңызы бар автожолдарда тәулік бойы кезекшілік атқарып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Қажет болған жағдайда жол пайдаланушыларына жедел көмек көрсетіледі.