«Қазгидромет» РМК синоптиктері 9 наурызда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады.
Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі және орталығында көктайғақ күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей сәттерде 23-28 м/с дейін жетеді. Ақтауда 9 наурызда көктайғақ болады, жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с шамасында болады.
Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде, түнде облыстың батысы мен солтүстігінде қар жауады, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Сонымен қатар, облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түседі деп болжануда. Жел облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде облыс орталығында 17-22 градус аяз, батысы мен солтүстігінде 25 градус аязға дейін, оңтүстігінде 7-12 градус аяз деңгейінде болады. Қостанай қаласында 9 наурызда түнде 19-21 градус аяз, аздап қар жаууы және жаяу бұрқасын болуы мүмкін.
Қызылорда облысының солтүстігі мен оңтүстігінде таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Солтүстігінде күндіз бұрқасын жүруі ықтимал. Сонымен қатар облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с, кейде 25 м/с-ге дейін жетеді. Қызылорда қаласында 9 наурызда кей уақытта тұман болуы мүмкін.
Жамбыл облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігі, шығысы және таулы аймақтарында тұман түседі. Таулы аудандарда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін жетеді. Тараз қаласында 9 наурызда кей уақытта тұман болуы ықтимал.
Абай облысының солтүстігі, шығысы және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел облыстың батысы, солтүстігі және орталығында оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Семей қаласында 9 наурызда күннің екінші жартысында көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі, батысы және орталығында 9 наурызда түнде және күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Ақтөбе қаласында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, желдің екпіні 15 м/с шамасында.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде, ал күндіз облыстың оңтүстігі мен батысында қар жауып, бұрқасын болады, көктайғақ және тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғып, түнде облыстың оңтүстігі мен батысында екпіні 23-28 м/с, күндіз солтүстік пен оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында 9 наурызда түнде қар жауып, бұрқасын және көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады деп болжануда. Түнде бұл аймақтарда оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с шамасында болады. Павлодар қаласында 9 наурызда түнде көктайғақ күтіледі, жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, ал облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Орал қаласында 9 наурызда күндіз жаяу бұрқасын және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.