$541.34 €640.73 ₽6.53
×

СҚО-да қар құрсауында қалған екі баласы бар отбасы құтқарылды

СҚО-да қар құрсауында қалған екі баласы бар отбасы құтқарылды
Фото: ТЖМ

Тимирязев ауданында, Тимирязево ауылынан 17 шақырым жерде автожолда жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, қозғалысын жалғастыра алмады.

Көліктің ішінде ерлі-зайыптылар және екі бала болған. Сонымен қатар әйел адамның жүкті болуы жағдайды одан әрі күрделендірді.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары автокөлікті тазартылған жол бөлігіне сүйреп шығарды. Одан кейін құтқарушылар отбасын Тимирязево ауылына дейін жеткізді.

Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болған жоқ.