$541.34 €640.73 ₽6.53
×

7300 азамат елге келді

7300 азамат елге келді
СІМ

Таяу Шығыстағы шиеленіс аймағынан 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылды.

Министрлік мәліметінше, эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылған.

Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды эвакуациялау Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылып жатыр.

Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жүргізуде. Отандастарымызбен тұрақты түрде байланыс бар.