Қызылорда облысы ТЖД-нің «112» қызметіне дабылды хабарлама түсті. Онда тас жолдан 35 шақырым жерде, жетуі қиын «Телікөл» аймағында автокөлік тұрып қалғаны айтылған. Анықталғандай, адамдар екі тәулік бойы далада өз күштерімен шыға алмай отырған.
Іздестіру жұмыстары жолсыздық пен батпақты жердің салдарынан күрделене түсті. Зардап шеккендерге жету үшін жоғары өтімді техника жұмылдырылды. Аумақты әуеден барлау үшін ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылып, үйлестіру спутниктік байланыс арқылы жүргізілді.
Таңертең іздестіру тобы төрт ер адамды тауып алды. Құтқарушылар оларды даладан эвакуациялап, облыс орталығына жеткізді. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Адамдардың далада қалу себебін егжей-тегжейін видеодан қараңыз.