$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қардағы іздер құтқаруға көмектесті

10.03.2026ж. 09:27
Қардағы іздер құтқаруға көмектесті
KAZISLAM.KZ

Ер адам Қостанай облысы Науырзым ауданындағы Қарасу аумағына жылқыларын іздеу үшін Мереке ауылынан қар көлігімен шыққан. Күн батқан кезде фермер SMS хабарлама жіберіп, қар көлігінің бұзылғанын және өзінің нақты орналасқан жерін анықтай алмай отырғанын хабарлаған.

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылардан бөлек полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл тұрғындары тартылды. Операция барысында жоғары өтімді техника, сондай-ақ ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

 Іздестіру барысында құтқарушылар алдымен қар көлігін тапты. Кейін әуеден байқалған іздерге сүйене отырып, ер адам Алтынсарин ауылынан 11 шақырым жерде ашық далада табылды. Медициналық көмек қажет етпеген азамат елді мекенге жеткізілді.