$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаңа Құрылыс кодексі 1 шілдеден бастап күшіне енеді

10.03.2026ж. 11:22
Жаңа Құрылыс кодексі 1 шілдеден бастап күшіне енеді
Фото: dalanews.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жаңа Құрылыс кодексі қашан күшіне енетінін айтты.

"Құрылыс саласы цифрлық технологияларды енгізу арқылы жобалаудан бастап пайдалануға беру және қайта өңдеуді қамтитын жаңа деңгейге өтіп жатыр. Осы жаңалықтарды бекіту және саланы әрі қарай дамыту үшін жаңа Құрылыс кодексі қабылданып, биыл 9 қаңтарда қол қойылды. Ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді", – деді ведомство басшысы.

Ерсайын Нағаспаев құрылыс сапасы мен қауіпсіздігін арттыру үшін салаға қатысушыларға қойылатын талаптар күшейтіліп, лицензияларды электронды тексеру және инженерлерді кезең-кезеңімен сертификаттау енгізілетінін айтты. 

"Сондай-ақ құрылыс нормаларын жетілдіру үшін халықаралық стандарттарға сай келетін Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады. Кодексті іске асыру аясында 138 нормативтік-құқықтық актіні өзектендіру жұмыстары жүргізілуде", – деп атап өтті министр.