$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Вьетнамда жоғалған қыз аман-есен табылды

10.03.2026ж. 13:36
Вьетнамда жоғалған қыз аман-есен табылды
Фото: скриншот

Кеше 26 жастағы Әсем Әубәкірдің Вьетнамда жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Бүгін әпкесі әлеуметтік желідегі парақшасында оның табылғанын хабарлады.

Бойжеткеннің туысы іздеу жұмыстарына атсалысқан мемлекеттік органдар мен барша жандарға алғыс білдірді. Бірақ Әсемнің денсаулығы мен жағдайы туралы толық мәліметті әзірге жарияламады.

– Ең басты мақсат – оның қасына тезірек жету. Бағасына қарамай, ең қысқа жолмен ұшып баратын билет іздеп жатырмын. Қазір Әсемнің қасында консул бар, - дейді әпкесі Рузана.