$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбе тұрғыны 13 адамның атына миллиондаған микрокредит рәсімдеді деген күдікке ілінді

10.03.2026ж. 15:49
Ақтөбе тұрғыны 13 адамның атына миллиондаған микрокредит рәсімдеді деген күдікке ілінді
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысында полицияға бірнеше азамат алаяқтық фактісі бойынша арызбен жүгінді. Олардың айтуынша, ақпан айында өздері білмейтін, бірақ мерзімі өтіп кеткен микрокредиттер туралы микроқаржы ұйымдарынан хабарламалар келе бастаған.

Алдын ала тергеу барысында 2025 жылдың соңында 25 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны жәбірленушілердің сеніміне кіріп, олардың ұялы телефондарын пайдалану арқылы түрлі микроқаржы ұйымдарынан олардың атына алдау арқылы микрокредиттер рәсімдегені анықталды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, оның әрекетінен 13 адам зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 3 миллион теңгеден асады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті азаматтарға ұялы телефондарын және жеке құжаттарын бөгде адамдарға бермеуге, сондай-ақ өздерінің несие тарихын тұрақты түрде тексеріп отыруға кеңес береді», – делінген облыстық ПД хабарламасында.