$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қор нарығында доллар арзандады

10.03.2026ж. 18:23
Қор нарығында доллар арзандады
Фото: pixabay

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,25 теңгеге арзандап, 491,59 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 493,85 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 489,39 теңгеден сатып алынады, 492,12 теңгеден сатылады. Еуро 570,99 – 576,56 теңге, ал рубль 6,21 – 6,34 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,14 теңгеден сатып алынады, 74,88 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 488,00 теңгеден сатып алынады, 495,01 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу - 565,00 теңге, сату - 575,00 теңге;

– рубль: сатып алу - 6,10 теңге, сату - 6,40 теңге.

– юань: сатып алу - 72,15 теңге, сату - 76,31 теңге.